(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.07.04 № 469 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы»
Бас редакциясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 469 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны қайта құру жолымен, жарғылық капиталда мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен «Қазақ энциклопедиясы» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) жарғыны бекіту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып баспа өнiмдерiн шығару белгiленсiн;
2) Әдiлет органдарында Қоғамның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) Қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетiнiң, оның 33 пайызынан аспайтын мөлшердегi бөлiгiн сатуды жүзеге асырсын.
3. Қоғамға, акциялардың бiрiншi эмиссиясын толық орналастырғаннан кейiн жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың кейiнгi эмиссиясын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайтуға шаралар қабылдауға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екi апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне:
1) Қоғамның мемлекеттік тiркелуiне арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға өкiлеттi тұлғаның кандидатурасы;
2) Қоғамның директорлар кеңесi мен ревизиялық комиссиясының құрамы;
Редакция документа
Демо – версия документа