(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001.27.02 № 285 ҚАУЛЫСЫ
«Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 285 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа