(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 07.11.00 Ж. № 1679 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагері» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қарашадағы № 1679 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру;
2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде білім беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткізу болып белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа