(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.09.08 № 1227 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң кейбір ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi № 912 қаулысына сәйкес және стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құрылымды оңтайландыру әрi бәсекелестiк ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындары:
1) «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» мен «Мемлекеттік алкогольдiк өнiмдi өндiрушiлердi тексеру орталығын» қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ашық акционерлік қоғамы болып;
2) «Қазсертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» мен «Стандарттау метрология және сертификаттау саласындағы біліктілік арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Ұлттық тiркеу орталығы» ашық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң қарамағындағы мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының атаулары:
1) «Стандарттау мен стандартты үлгiлердiң мемлекеттік ақпараттық орталығы» - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)»
2) «Метрология» - «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)»болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi:
Редакция документа
Демо – версия документа