(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.28.07 № 1154 ҚАУЛЫСЫ
Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1154 қаулысы
(2009.25.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөніндегі бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Қазақ мемлекеттік тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
2) «Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi қайта құру жолымен «Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбіндегі қауiпсiздiк проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
3) ҚР Үкіметінің 2009.25.05. № 772 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) «Минералдық шикiзатты кешендi өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік кәсiпорыны оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлу жолымен, бөлiнген мүлiктi оларға берiп, «Түстi металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» және «Қара металлургия кәсiпорындарына арналған техника қауiпсiздiгi жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып;
Редакция документа
Демо – версия документа