Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.10.09 № 1364 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 1364 Қаулысы

(2000.24.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды

 

Медициналық қызмет көрсетулердің сапасы мен медициналық ұйымдардың қызметiн талдауды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң «Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталығы» мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 24.02.00 ж. № 286 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:

ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын талдау және бағалау;

денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi;

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауісі жөніндегі агенттігі заңдарда белгiленген тәртiппен:

Кәсiпорын жарғысын онда облыстарда, Астана, Алматы қалаларында Кәсiпорынның филиалдарын көздеп бекiтсiн;

мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн және өзге де ұйымдастырушылық iс-шараларын жүргiзсiн;

медициналық ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі функцияларды орындау үшін Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталықтың бөлімшелерінің материалдық, техникалық құралдарын жергілікті атқарушы органдарға беруді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку