Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.11.01 № 20 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы № 20 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 847 және «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бас есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

2. Мына мекемелер:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметтік үй-жайларды пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен;

2) ҚР Үкіметінің 1999.08.27. № 1264 қаулысымен алып тасталды

ҚР Үкіметінің 1999.08.27. № 1264 улысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ құрылып отырған кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзім ішінде жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік мүлікті енгізе отырып, осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, заңдардың талаптарын ескере отырып, жарғыларын бекітсін және оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку