(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.01.12. № 1212 ҚАУЛЫСЫ
Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1212 қаулысы
(1999.25.05. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы Қарқаралы және Кент тау-орман алқаптарының бірегей табиғат кешендерін сақтап қалу және қалпына келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Қарағанды облысы әкімінің ұсынысын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқындағы «Қарқаралы орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қарауындағы «Қарқаралы мемлекеттік табиғат паркі» табиғат қорғайтын мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.
Мекеме, қайта ұйымдастырылып отырған шаруашылық жүргізу құқындағы «Қарқаралы орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мемлекеттік кәсіпорнының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады деп белгіленсін.
2. Мекемеге тұрақты пайдалануға Қарқаралы ауданының шаруашылықтарының пайдаланатын жерлері мен арнайы жер қорынан қосымша, жалпы ауданы 16 481 гектар жер учаскелері қосымшаға сәйкес берілсін.
3. Құрылып отырған Мекеменің аумағында орналасқан ормандар - мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің ормандары деген қорғаныш санатына жатқызылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа