-
Қазақстан Республикасының темір жол кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Теміржол көлiгi басқармаларын қаржылық-экономикалық сауықтыру және құрылымдық оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Алматы теміржол басқармасы», «Тың теміржол басқармасы», «Батыс Қазақстан теміржол басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындары қосылу жолымен шаруашылық жүргiзу құқығында «Қазақстан темір жолы» (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық мемлекеттік кәсiпорын болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқығы субъектісiнiң функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
бiр ай мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн;
Кәсiпорынның басшысы болып Е.Ж.Қалиев тағайындалсын;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп Кәсiпорынды Алматы қаласында орналастыру мәселесiн шешсiн;
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң келісімi бойынша қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарды сақтап қалу жөніндегі мәселенi шешсiн.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк қайта ұйымдастырылған кәсiпорындардың қаржылық жай-күйiне бағалау жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне кредиторлық және дебиторлық берешектерiн қайта құрылымдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа