Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 886 Қаулысы (күші жойылды)

«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 886 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 104-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінде:

7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «4) Республикалық бюджет комиссияның шешімімен өңірлер бойынша абсолюттік сомалармен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.»;

15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

« і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетуге арналған шығындар есепке алынады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі екі бөліктен тұрады:

1) бірінші бөлік жалпы өңірлік өнім мен халық санының өсімін ескере отырып ағымдағы шығындардың облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) болжамды көлеміне пайыздық қатынаста айқындалады;

2) екінші бөлік Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен айқындалатын дамытуға арналған шығындардың қосымша көлемінен (бұдан әрі - «пул») пайыздық қатынаста айқындалады.

Екінші бөлік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешуде әкімдердің экономикалық ынталарын күшейту үшін қызмет етеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку