«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 854 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 854 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын;
Демо – версия документа