(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1119 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға
арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
Осы редакция 2013 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 18-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) немесе мемлекеттік қызметті алушыда электрондық-цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭСҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық степендиясын тағайындау үшін үмткерлерді іріктеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) www.bolashak.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталық (1414) телефоны бойынша да ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілетті ұйымда - конкурсқа қатысуға рұқсаты туралы не құжаттарды жеке тәртіппен қарау үшін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның Жұмыс органына (бұдан әрі - Жұмыс органы) жіберу туралы ақпаратты көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
Редакция документа
Демо – версия документа