Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1130 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1130 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел.: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-47-94, сондай-ақ «электрондық үкіметтің». www.e.gov.kz  веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 20-бабының 1) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 93 қаулысының негізінде көрсетіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку