(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1130 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен
бекітілген
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынадай мекенжайда: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел.: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-47-94, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 14-бабының 1) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Комитеттің интернет-ресурсында: www.comprom.kz;
2) порталда орналасады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының телефоны бойынша берілуі мүмкін (1414 ).
Редакция документа
Демо – версия документа