Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 131 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 131 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жекелеген қаржы ұйымдары жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

1-бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жалпы ережелер»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Шоттар жоспарының 2-тарауының 1-5-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі.

Шоттар жоспарының 2-тарауының 6 және 7-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның пайда және залалдар туралы есебінде көрсетіледі.

Шоттар жоспарының 2-тарауының 8-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және ұйымның шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Шоттар жоспарының 2-тарауының 9-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және меморандум шоттары болып табылады. Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатады және клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку