«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 701 Қаулысы (күші жойылды)
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 701 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 361-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мынадай емтихандар бойынша:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0);
неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau С1/ С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Francais International™ (TFI - оқу және тыңдалым секциялары бойынша В1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue francaise (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі), Test de connaissance du francais (TCF - кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа