«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2014.04.05. № 441 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса мекеменің теңгеріміне берсін.
Демо – версия документа