(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.12.11 № 1436 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1436 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 және «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
«Облыстық әкімдік» деген 1-бөлім:
мынадай мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:
«23. Туризм басқармасы (Ақмола облысы);
24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ақмола облысы)»;
«Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігі» деген 3-бөлім:
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Туризм бөлімі (Ақмола облысының Бурабай ауданы)»;
Редакция документа
Демо – версия документа