«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 303 бұйрығы (күші жойылды)
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 303 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7769 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 396-400 (27474) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасында (бұдан әрі - Қағида):
6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте бейіндік бағыт бойынша магистратура қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ішкі істер департаменттерінің, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД, ҚАЖД) бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасақталады.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа