«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 476 Қаулысы
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 476 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:
«1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы» деген бөлімде:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК өз қызметін даму стратегиясын іске асыру арқылы жүзеге асырады.»;
«ӘКК миссиясы, пайымы, мақсаттары және міндеттері» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақсаты - бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттері:
1. Өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту.
2. Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.
3. Алдыңғы қатарлы өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу.
4. Активтердің құнын ұлғайту.
5. Жаңадан басталатын бизнесті қолдау инфрақұрылымын (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар) дамыту.
6. Басым салалардағы кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірлердегі жүйе құрушы және ірі компаниялардың айналасында ШОБ дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды үйлестіру.
7. Компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету.
8. Бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.
9. Портфельдік компаниялар арасында коммуникацияны және дағды алмасуды дамыту.
Демо – версия документа