(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.11.11 № 1324 ҚАУЛЫСЫ
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 Қаулысы
(2012.04.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 2-бабының 17) тармақшасына және 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
2) «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысаны;
3) Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 және 7-баптарына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органдарға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың, оның ішінде мәміле мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілені жүзеге асыратындардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа