«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 457 Қаулысы (күші жойылды)
«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 457 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын және Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 32-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмілелерге қатысушылар «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты» және «Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын (бұдан әрі - мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей табыс етеді. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Мәмілелер мониторингі бойынша толтырылған есептілік нысандары Салық комитетіне салық есептілігін салық қызметі органдарының қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Қағидалардың осы тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн Салық комитетіне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарының электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа