«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 және «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 359 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 және «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 359 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жеке және заңды тұлғаларға иелік ету не пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелерін жеке меншікке немесе пайдалануға беруді алғашқы ресімдеу кезінде жер-кадастрлық істер олардың жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға берілетін өтініштерінің негізінде жүргізіледі.
Өтінішке жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскені берген атқарушы органның шешімімен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса беріледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа