«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 08-1-1-1/42-1 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ұсынады.
3. Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет ұсынылатын, Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын алуға құқығы бар тұлға;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысушы Министрліктің жауапты тұлғалары.
4. Мемлекеттік қызметтің ұсынылатын нысаны: автоматтандырылмаған.
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
6. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттың (бұдан әрі - паспорт) беру немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
Документ утратил силу
Демо – версия документа