Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 Қаулысы (күші жойылды)

«Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 101-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

«25-1. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтаруға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.

Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылы орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым осы міндеттемелерді кейінгі жылдарға қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку