(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.14.09 № 965 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысы
(2011.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
Редакция документа
Демо – версия документа