«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 199 Қаулысы (күші жойылды)
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 199 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«диспетчерлік жүйе - келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы - диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
Документ утратил силу
Демо – версия документа