Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2004 Ж. 9 ШІЛДЕДЕГІ № 588-II ҚР ЗАҢЫ

Электр энергетикасы туралы
2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

Осы Заң электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық бронь - электрмен үздіксіз жабдықтау объектісіне берілуі ол үшін маңызды құрылғылардың жұмыс істеуін сақтайтын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлімін болғызбайтын ең төменгі қажетті электр қуаты;

2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылды

2-1) әзірлік паспорты - энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

2-2) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;

3) және 4) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку