«Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 201 Қаулысы (күші жойылды)
«Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 201 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережеде:
көрсетілген ережеге 9-қосымшада: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
4009 | Қатты резеңкеден басқа вулкандық резеңкеден жасалған құбырлар, түтіктер және шлангтер, фитингтерсіз немесе фитингтермен (мысалы, қосылыстармен, түтіктермен, шентемірлермен) | Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, мынадай операцияларды орындау жағдайында: - шлангты кесу; - муфталық қосылыстарды кесу; - муфталарды бұрау; - шлангтарды сыққышта гидравликалық сынау |
»;
«
Документ утратил силу
Демо – версия документа