(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.09 № 1487 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1487 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Мекеменің қызметінің негізгі мәні топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу жөніндегі топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметіне орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, топырақ құнарлылығына мониторинг жүргізу болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекцияларының тізбесі;
1-2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.»;
Редакция документа
Демо – версия документа