(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Осы редакция 2012 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 23 маусымдағы № 593
қаулысымен бекітілген
Геодезиялық пункттердi қорғау туралы
ереже
1. Осы Ереже «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және геодезиялық пункттердi қорғауды қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік геодезиялық желiнiң геодезиялық пункттерi (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлiк және гравиметриялық пункттер, жер бетiндегi белгiлер мен осы пункттердiң орталығы), сондай-ақ арнайы геодезиялық желiлер пункттерi (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгiлер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншiк болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Геодезиялық пункттердi есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етiлуiн қадағалауды геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
4. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгiден және геодезиялық белгiнiң шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түрiндегi сыртқы безендiруден тұрады.
Геодезиялық пункттiң сыртқы безендiруi болмаған жағдайда сыртқы белгiнiң негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа да құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшiн пункттердiң шекаралары мен қорғау аймақтары белгiленбейдi.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиiс.
5. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесi, геодезиялық белгiнiң шекарасы және оларды бойлай жағаланған енi 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттi қорғау аймағы болып табылады.
6. Геодезиялық-пункттердiң сақталуын қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
7. Уәкiлеттi органның рұқсатынсыз геодезиялық пункттердi қорғау аймағының шегiнде геодезиялық пункттердi бүлдiруге немесе жоюға әкеп соғатын немесе геодезиялық өлшемдер жүргiзу кезiнде қиындықтар туғызатын жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
Редакция документа
Демо – версия документа