(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.03 № 191 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 және 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 191 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Байланыс саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде (бұдан әрі - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары (бұдан әрі - ҚХБО) жүзеге асырады.
ҚХБО қызметі уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензиялармен анықталады.
ҚХБО-ны айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдер:»;
1, 2, 3, 4, 7 және 8-тармақтарда «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары», «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы», «калааралық және халықаралық байланыс операторының», «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын», «қалааралық және халықаралық байланыс операторын», «қалааралық және халықаралық байланыс операторларының» деген сөздер «ҚХБО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
4-тармақта:
Редакция документа
Демо – версия документа