Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

Қазақстан Республикасы

Үкіметiнiң

2003 жылғы 28 cәуipдегі

№ 407 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2013 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу
ережесі

(2012.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қоюдың және жою не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандыру) және қайта өңдеудiң осы Ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 30-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленді және жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қоюдың және жоюдың немесе алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандырудың (зарарсыздандырудың) және қайта өңдеудiң бiрыңғай тәртібін белгілейдi.

ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1146 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Ереженің әрекеті:

1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, қайта өңдеумен, өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғаларға;

2) жануарлардың ерекше қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар);

3) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға қолданылады.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку