Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 15-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 39 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 29 қарашадағы

№ 389 бұйрығына 15-қосымша

 

 

 

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz  веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz  веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы көрсетеді.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен (бұдан әрі - Стандарт) бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу және лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - қызмет) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:

1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку