«Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 389 бұйрығына 13-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2014.30.01. № 41 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы № 389
бұйрығына 13-қосымша
«Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Қызмет автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ақпарат ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудегі қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Документ утратил силу
Демо – версия документа