Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 68 Қаулысы (күші жойылды)

«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 68 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 778 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 452-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында:

2-тармақта:

23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«23) өтініш беруші - электрондық (цифрлық) тахографқа электрондық карточка беру үшін өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) сервис орталығы (шеберхана) (бұдан әрі - сервис орталығы) - тахографтарды орнату және қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

«27-1) тахографқа қызмет көрсету - тахографты дәлдеу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу;»;

34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«34) электрондық (цифрлық) тахографтың электрондық карточкасы (бұдан әрі - карточка) - жүргізушінің еңбек және демалыс режимі туралы деректерді, электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыс істеу үшін қажетті өзге де ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін интегралды микросхемасы бар карточка.»;

3-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жолаушылардың және багаждың автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдары;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку