«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 34 Қаулысы (күші жойылды)
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 34 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнде:
2-тармақтың 3), 5) тармақшалары және 3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
7, 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу, аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту, ғылыми зерттеулер және селекциялау үшін береді.
8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарларды (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мекендейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттар береді.»;
12-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа