Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.28.06 № 865 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 28 маусымдағы

№ 865 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және
тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде импортқа және (немесе) экспортқа лицензия беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.

Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-бабының 11) тармақшасы, «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы Заңы (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку