«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы №865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1815 Қаулысы (2013.18.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1815 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №60, 825-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа