(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.11 № 1295 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 Қаулысы
(2012.20.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 241-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
3-тармақтың бірінші бөлігі «қосымшаларын» деген сөзден кейін «жеке және заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
«темір жол көлігімен» деген кіші бөлімде:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қалпына келтіру және жаңарту жөніндегі» деген сөздер «сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2012.20.11. № 1463 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы «электр және» деген сөздердің алдынан «жеке мұқтаждық үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 2-қосымшада:
Редакция документа
Демо – версия документа