Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1774 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1774 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 45-бабының 1-бөлігіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы болып (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам арнайы экономикалық аймақты басқару органы болып айқындалсын.

3. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:

1) арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл;

2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;

4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға беру;

5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;

6) инфрақұрылым объектілерін салу және арнайы экономикалық аймағының өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;

7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции