(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.21.01 № 148 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және мыналардың:
1) көші-қон бақылауын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының осы Қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібіне көші-қон бақылауын ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа