(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК БАСҚАРМАСЫНЫҢ 28.11.2008 № 94 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 94 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, 2001 жылғы 23 сәуір - 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» ресми басылымында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4048 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) «Заң газеті» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыпта және 1-тармақта «, сейф» деген сөз алынып тасталсын;
Редакция документа
Демо – версия документа