«Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 310 Бұйрығы (күші жойылды)
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік актілеріне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 310 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік актілеріне өзгертулер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 «Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарында:
322-т. мынадай редакцияда оқылсын:
«322. Ыдыстың ішінде жұмыс жасаған кезде (ішін қарап тексеру, жөндеу, тазалау және басқалары) қысымы 12 В жоғары болмайтын, ал жарылыс қауіпті орталарда-жарылыс қауіпсіздігінде орындалған қауіпсіз шамдар қолданылады. Қажет болған кезде ауада жол берілетін шекті шоғырланудан (бұдан әрі - ЖШШ) асатын зиянды немесе басқа да заттардың жоқ екеніне талдау жүргізіледі. Ыдыстың ішіндегі жұмыстар рұқсат наряды бойынша орындалады.
Дайындық жұмыстары мен тазалау (булау, шаю және желдету), қауіпті фактордың толықтай жоқ болуы кезіндегі резервуарлардағы немесе аппараттағы ауаның сынамасы мен талдамасын сұрыптау аяқталғаннан кейін жарылыс қауіпсіз ортада жұмыс жасаған кезде кернеуі 110 Вольт жарықты қолдану жіберіледі»;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 «Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына:
Документ утратил силу
Демо – версия документа