Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1525 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1525 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - кадастр) мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:

1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;

2) жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жер қатарынан жер учаскелерін беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;

3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку