Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.03.10 № 1131 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 1131 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 25 қазанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 41, 476-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесінде:

5-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Республикалық бюджет қаражатының есебінен медициналық көмектің мынадай: білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған түрлері бойынша ТМККК көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады, олар мынадай нысандарда көрсетіледі:

1) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарының:

психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарға;

оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық қызметтер көрсетуін қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;

2) әуе көлігіндегі санитариялық авиация, қалпына келтіру үшін емдеу және медициналық оңалту;

3) республикалық маңызы бар медицина ұйымдарында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек.»;

екінші бөлік алып тасталсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку