«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген) (2013.10.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен
бекітілген
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.10.07. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынадай мекенжайда: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіру, тел.: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-47-94, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 14-бабының 1) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Комитеттің интернет-ресурсында: www.comprom.kz;
2) порталда орналасады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының телефоны бойынша берілуі мүмкін (1414 ).
Документ утратил силу
Демо – версия документа