Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 Қаулысы (2019.06.11. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 және «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1289 Қаулысы

(2019.06.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды.

Тіркелiмдерге, есепке алу кiтаптарына (карточкаларға) мүлiктi есептен шығару туралы жазу агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығын және есептен шығарылған мүлiктi бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк кiрiске алынғаннан немесе кәдеге жарату актісі жасалғаннан кейiн ғана бекітілген техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) негізiнде жүргізiледi.

Техникалық жай-күйінің актiлері немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiлері (куәлiктері) бекітілген жөндеу және оқу-жаттығу мақсаттары үшін жарамсыз агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар мен бөлшектеуден алынған басқа да мүлiк тіркелiмдер, есепке алу кiтаптары (карточкалары) бойынша металл сынығы, ескі зат және басқа да мүлiк ретінде кіріске алынады және ол пайдалану, сату немесе кәдеге жарату шамасына қарай есептен шығарылады.»;

7, 8-тармақтар алып тасталсын;

11-тармақта:

бірінші бөліктің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) техникалық немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актілерінiң уақтылы жасалуына және мүлiктi бөлшектеудiң жүзеге асырылуына бақылау жүзеге асырылады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции