Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

 

1-тармағын қоспағанда ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 Жарлығымен күші жойылды (мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Мекеменің штат саны 43 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган деп айқындалсын.

4. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін, оның мүлкін мекемеге бере отырып, таратсын;

2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіпте бекітуге енгізсін;

3) мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку