«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген) (2013.07.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 175 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.07.06. № 587 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының
немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.07.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді, ол сондай-ақ «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 11) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның www.memst.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті органның ғимаратындағы ақпараттық тақталарда және стенділерде;
3) порталда орналасады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа